Жас заңгерлермен жүздесті
Главные вкладки
Таяуда Қарасай аудандық полиция басқармасы Кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ербол Арыстанов С.Демирел университетінде бітіруші түлектермен жүздесті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Еліміздің ішкі істер органдарының қызметін насихаттау және ондағы жұмыстың ерекшелігі мен артықшылықтары жайлы әңгімелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға жас буын көп жиналды. Ербол Кеңесұлы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген қыз-жігіттерді ішкі істер органдарында жұмыс істеуге шақырды.
Жас мамандарға қойылатын талаптарға тоқталып, қызығынан қиыны көп, бұл жауапты салада еңбек етудің жақсы тұстарын да әңгімеледі.
Мол ақпаратқа қаныққан жастар өздерін қызықтырған өзге де сауалдарды полиция қызметкеріне жолдап, емен-жарқын сұхбаттан жақсы әсер алып тарқасты.