Мамандар саңырауқұлақтардан уланып қалмауды ескертеді
Главные вкладки
Қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары саңырауқұлақтардан улану қаупі бар екенін ескертеді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Басқарманың бас маманы Нұржан Есимовтың айтуынша, саңырауқұлақтар арасында, өкінішке орай, улы және зияндылары да кездеседі. Сонымен қатар, кәдімгі жеуге жарамды саңырауқұлақтардың өзі тез бұзылатын өнімдер болып табылатындықтан, дұрыс сақталмаған жағдайда улану себебі болуы мүмкін. Тым өсіпкеткен саңырауқұлақтар да қауіпті, өйткені оларда таксиндік заттар жиналады.
Улануды болдырмау үшін, «алтын» қағиданы ұстаныңыз: танымайтын немесе күмән туғызатын саңырауқұлақтарды тамаққа қолданбаңыз, саңырауқұлақтардың кезкелген түрлерін жинау, дайындау және пайдалану кезінде өте сақ болыңыз. Дұрыс қолдануды білмеу салдарынан, одан жасалған тағамнан уланған, ал кейде өліммен аяқталған жағдайлар баршылық.
Сонымен қатар, оларды дайындаудың, қайта өңдеудің санитарлық ережелерін сақтау керек. Атап айтқанда:
- жекелеген түрлері бойынша сұрыпталған саңырауқұлақтарды дайындаңыз, саңырауқұлақ қоспасын пайдаланбаңыз;
- топырақ пен қоқыстан тазартылған тек сау саңырауқұлақтарды пайдаланыңыз
- саңырауқұлақтарды, міндетті түрде, жинаған күні өңдеу қажет, себебі олар өте тез бұзылады.
Оларды дереу қарап, сұрыптап, тазалап жуып кідіріссіз пісіру, қуыру, тұздау немесе т.б. керек.
- кулинарлық өндеуден бұрын барлық саңырау құлақтарды 5-7 минут тұзды суға пісіріп, сорпасын төккен дұрыс
- тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтарды шыны банкаларда немесе бөшкелерде, тек дәке немесе қағазбен жабылған ашық ыдыста, бір жылдан асырмай 0 -ден + 16 дейінгі температурада сақтаңыз,
- саңырауқұлақтарды герметикалық оралған ыдыста консервілеуге болмайды, бұл ботулизм ауруына шалдықтыруы мүмкін
- тек ақ саңырауқұлақ, майқұлақ, тыржыңқұлақ, тілікқұлақтарды ғана кептіріңіз, кептірілген тыржыңқұлақ пен тілікқұлақтарды кептірілген кезеңнен кейінгі 2-3 аптадан соң ғана тамаққа қолдануға болады, себебі олардың құрамындағы гельвеллқышқылы осы мерзімішінде бұзылады және залалсызданады.
- қозықұйрық, кәдімгі томарқұлақ, түлкішектерді кептіруге және олардан икра дайындауға болмайды, оларды алдын ала 5-7 минут тұзды суға қайнатқан соң тұздауға және маринадтауға болады
- кептірілген саңырау құлақтарды құрғақ, жақсы желдетілетін үй-жайларда 10-15о температурада және 60-65 % салыстырмалы ылғалдылықта сақтау қажет. Құрғақ саңырауқұлақтардың ылғалдығы 12-14 % аспағаны дұрыс.
Саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу саңырауқұлақтарды жинау кезінде қауіпсіздікті сақтауға негізделеді.
Күмәнді және белгісіз саңырауқұлақтарды жинауға болмайды.
Желінген немесе ескі және бұзылған саңырауқұлақтарды жинаған дұрыс емес.
Сырт көзге жеуге жарамдыларға егіздей ұқсас, бірақ улы және жеуге жарамайтын саңырауқұлақтардың болатынын естен шығармаған абзал. Мәселен, ақ саңырауқұлаққа улы сатана саңырауқұлағы және жеуге жарамсыз өт саңырауқұлағы өте ұқсайды, ал қозықұйрыққа арамқұлақ және бүркеніш саңырауқұлағы ұқсас келеді.
Уланулардың алдын алуда саңырауқұлақтарды дұрыс өңдеу және сақтау маңызды орын алады.
Жаңа жұлып алынған саңырауқұлақтарды ұзақ сақтауға жарамайды. Олар тез арада дәмін жоғалтады және бүлінеді, сондықтан оларды жинағаннан соң бірден өңдеген дұрыс.
Жаңа жұлып алынған саңырауқұлақтардың жарамдылық мерзімі 10 градустан жоғары емес температурада 18-24 сағат. Жарамды деп танылған саңырауқұлақтарды алдын ала өңдеу кезінде, сондай-ақ, консервілеу кезінде мырышталған және қалайы ыдысты, герметикалық жабылған ыдысты пайдалануға болмайды.