"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша үйді қалай алуға болады?
Главные вкладки
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша үйді қалай алуға болады? Бұл туралы үстіміздегі жылдың 4 наурызында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында таныстырылым өтеді, деп хабарлайды Kaskelenkz Қарасай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
"2020 жылдың 4 наурызы күні, сағат 15:00-де, аудандық әкімдіктің мәжіліс залында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған алғашқы тұрғын үйлерді "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша ипотекалық тұрғын үй несиесін пайдалана отырып, меншік ретінде сатып алу тәсілдері туралы презентация өтеді.
Оны аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдерімен бірігіп, 2020 жылдың 20 ақпанындағы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен келіп түскен тапсырмасына сәйкес өткізеді", делінген ресми хабарламада.