Nur Otan партиясының ғимараты сүрілуі мүмкін

Главные вкладки

мар 04, 2020 / 0 комментарии

"Нұр Отан" партиясының Қарасай аудандық филиалы кеңсесіндегі пандустың жоқтығына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.   

"Kaskelenkz" ақпараттық порталында 25 ақпан күні жарияланған видеосюжет бойынша төмендегіні хабарлаймыз.
Қарасай ауданы Қаскелең қаласында орналасқан партия филиалының ғимараты 1895 жылы салынған. Осы уақытқа дейін жүргізілген жөндеу жұмыстарына қарамастан ғимараттың тозығы жеткен.
Осы орайда, жаңа ғимарат құрылысын демеушілердің қатысуымен салу үшін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында 03.03.2020 жылы жауапты мекеме басшыларымен кездесу өткізіліп, ескі ғимараттың бұзылуы (снос) қажеттігі анықталды. Бүгінгі күні құрылыс жұмысының жобалық сметалық және рұқсат етілген құжаттары дайындалуда.
Жаңа салынатын ғимаратта талапқа сай пандус пен ерекше күтімді қажет ететін жандарға қолайлы барлық мүмкіндіктер жасалады" делінген партияның әлеуметтік желідегі парақшасында.