Айман Сағидолла: "Қарасай ауданына дені дұрыс басшы жіберіңізші!"

Главные вкладки

мар 05, 2020 / 0 комментарии

Білім саласындағы заңсыздықтармен күресіп жүрген қарасайлық  белсенді педагог Айман Сағидолла өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке үндеу жариялады. Ол министр мен Алматы облыстық білім басқармасынан Қарасай аудандық білім бөліміне білікті басшы тағайындауды сұраған, деп хабарлайды Kaskelenkz. 

 

Айман ханымның постын назарларыңызға қаз-қалпында ұсынамыз: 

Аймағамбетов мырза!
4 жылдан бері Қарасай ауданындағы заңсыздықтармен арпалысып жеңе алмай келемін.
Заңсыздық болмас үшін білім бөлімінің бастығы мықты болуы керек.
Газетке жаздырмау, сенбілікке шығармау, концертке билет алмау мәселелерін бір ғана адам, БББ (білім бөлімінің басшысы) бір ауыз сөзбен қайтарып, бүкіл мұғалімді азат ете алады.
Ал БББ жемқор немесе жалтақ болса, осы заңсыздықтардың болғаны болған.
.
Асхат мырза! Мен қартайып барамын.
Заңсыздықты көріп, тыныш отыра алмаймын ғой мен.
Айман әпкеңізді ерте қартаймасын десеңіз, Қарасай ауданына дені дұрыс басшы жіберіңізші.))))) Өтініш!
Облыстық білім бөлімінің бастығы жабық.
Әлі күнге кім екенін танымаймын да. Жаңалықтардан атын оқып едім, ұмытып қалдым.
.
Құрметті Алматы облысының білім басқармасының басшысы!
Қарасай ауданының білім бөлімінің басшысының лауазымына үміткерлердің тізімін фейсбукке жариялауыңызды сұраймын.
Біреудің тоқалының әпкесі, біреудің балдызы дегендер қажет емес.
Осындай сұмдықтардан аулақ болуыңызды сұраймын.
Себебі сізді біз сенетін, біз жақсы көретін министріміз Аймағамбетов мырза тағайындады.
Ол кісінің атына кір келмеуі үшін жақсы жұмыс істеуге тиістісіз.
Бір сөзбен айтқанда, БББ сайланған адамды микроскоппен бақылап отыратын боламын.
Құрметпен: Айман Сағидулла