Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді

Главные вкладки

мар 21, 2020 / 0 комментарии

Коронавирус жұқтырған тағы бір адам Қарасай ауданында тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі 21 наурызда түсте Алматы облысында коронавирус жұққан бір адам анықталғанын хабарлады. 1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбул - Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. Ертесінде көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласына келген. Қазіргі кезде ол стационарлық карантинге жатқызылған. Жағдайы орташа.
Осылайша Қазақстанда науқастардың саны 53-ке жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 28 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында 1 адам емделіп жатыр.