42 500 теңге кімдерге төленеді?
Главные вкладки
Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған жұмысшылар Үкімет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алады.
Әр ай сайын табысынан қағылған тұрғындарға 42 мың 500 теңге көлемінде қаржы беріледі. Аталған көмектен еліміздің 1,5 млн-ға жуық азаматы үмітті. Төтенше жағдайда үйінде отырған жұмысшыларға мұндай жәрдем "Кепілді әлеуметтік сақтандыру" қорынан төленеді. Ал, қаржы алуға мүмкіндігі бар қызметкерлердің тізімін, карантин кезінде, өз жұмысшыларына еңбекақы төлей алмай отырған жұмыс беруші компаниялар жасайды.
Қарасайлықтар бұл жөнінде қайда баруы керек? Осы сауалға төмендегі видеодан жауап аласыз.