Жас депутаттың жақсылығы

Главные вкладки

мар 31, 2021 / 0 комментарии

Жас депутаттың жақсылығын айтам, нұры тасысын, дейді редакциямызға хабарласқан оқырман.


«Біз инвалид бала асырап отырмыз. Өзіміз квартирада тұрамыз. Осы күнге дейін ешкімнен қол жайып көмек сұраған емеспіз. Тапқан табысымыздың көбі бала еміне кетеді. Тіпті несие алып 6 ай Қызылордада ем алып келіп едік, несиемізді төлей алмай, шоттарымыз бұғатқа түсіп қалды.
Қиналғанымнан «Нұр Отан» партиясына көмек сұрап барған едім. Осы жердегі Донбаев Жалғасхан деген азамат бізге үлкен қолдау көрсетті.
Қабылдауында болған соң, төлей алмай отырған 60 мың теңге пәтерақымның қарызын берді. Ата-енем алып берген жер теліміне туыстарымыз жиналып фундамент құйып беріп еді. Соған 2000 кірпіш әкеп төктірді. Бұл да біз үшін айтарлықтай көмек.


Ол кісіге Алланың нұры жаусын. Еңбегі жемісті болсын!» делінген хатта.
Өз кезегімізде біз де жас депутаттың бұл қайырымдылығы өзге үзеңгілестеріне сабақ болса екен деген тілек айтамыз.