68 жастағы қарасайлық коронавирустан емделіп шықты

Главные вкладки

апр 29, 2020 / 0 комментарии

Бүгін Қарасай ауданында 68 жастағы тұрғын коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бүгін Алматы облысы Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық ауруханасынан 1952 жылғы азамат індеттен айығып шықты. Ол Қарасай ауданы «Олимийская деревня» 19 км тұрғыны. 

Бұл азамат ауруханаға 11 сәуірде түскен еді. Емделушіге 26-27 сәуірде қайталай жасалған анализдің нәтижесі теріс болып шықты. 

Атап өтсек, бұл – Қаскелең қаласындағы ауруханадан коронавирус індетінен жазылып шыққан 9-шы, ал облыс бойынша 10-шы адам.