Амандық Баталовтың денсаулығы нашарлағаны рас па?

Главные вкладки

июл 04, 2020 / 0 комментарии

22 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны туралы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел желіде хабарлаған болатын. 

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Өкінішке қарай, коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы ПЦР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Коронавирус симптомдары байқалмайды», – деп жазған еді баспасөз хатшысы. 

Оның айтуынша, Амандық Ғаббасұлынан вирустың симптомсыз түрі анықталған. Әкімнің оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатқаны белгілі еді. 

Алайда редакциямызға келіп түскен ақпаратқа қарағанда, Амандық Баталовтың «денсаулығы күрт нашарлаған және ол арнайы аппаратпен демалып жатыр».

Nege.kz тілшісі облыс әкімі Амандық Баталовтың қазіргі жағдайын баспсөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге хабарласып білген болатын. 

«Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының коронавирус жұқтырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол кісінің жағдайы бірқалыпты. Алаңдауға негіз жоқ», – деді Ғалымұрат Жүкел. 

 дереккөз: https://www.nege.kz/news/economy/amandik_batalovtin_densauligi_nasharlagani_ras_pa_20200702173106