Алматы облысында 6 жасар баланы көлік қағып кетті
Главные вкладки
Бала арнайы белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 6 жасар баланы көлік қағып кетті. Жол апатынан зардап шеккен бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«25 жастағы азамат«Volkswagen Golf» маркалы көлігімен 6 жасар баланы қағып кетті. Бала арнайы белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан», - деп жазылған хабарламада.
Дене жарақаттарын алған бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.