Заңсыз сауданың зияны

Главные вкладки

дек 19, 2018 / 0 комментарии

@kaskelenkz инста парақшасы арқылы аудан орталығының тұрғындары көптеген әлеуеттік мәселелерді көтереді. Соның бірі таяуда «Жер-Ана» базарының маңындағы заңсыз сауда орындарына қатысты болды. Яғни, көпшілік сол жерде отырып нәпақасын тауып отырғандар айналасын ластап, ағып жатқан өзенге қоқыс-қалдықтарын тастап кететіндігін айтып, қала әкімінің бұл мәселеге бей-жай қарамауын сұраған.

Пост жариялана салысымен пікір қалдырушылар саны көп болды. Олардың бірі бұл жағдайды базар әкімшілігі бақылауға алу керектігін сөз етсе, екіншісі көше саудагерлерінен бөлек тұрғындар да өзенге келіп түрлі заттарды тастайтындығын айтты.

Жалпы, жабайы сауда – жиі көтерілетін тақырыптың бірі. Негізінен олардың жолдағы қозғалысқа кері әсері мен көшенің эстетикалық сәнін кетіретіні назарға алынатын. Енді, олардың қоршаған ортаны ластайтындығы да жұртшылықтың ызасын туғызуда. Сол сеепті, оларға арнайы орын қарастырып, мәселені ушықтырмай қолға алған артықтық етпейтіні анық.