"Біз өмір бойы бас бостандығынан айырылғанын қалаймыз":Аяжанның өліміне қатысты жаңа деректер
Главные вкладки
Бір айдан соң күдіктінің пәтерінде қанша дене болғандығы белгілі болады.
Аяусыз өлтірілген Аяжан Еділованың туыстары күдіктіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздеп отыр. Бұл туралы марқұмның ағасы Алмат Мүліков мәлімдеді. Мүліковтың айтуынша, істі прокуратура жүргізіп жатыр және туыстарының өздері барлық мәліметтерді БАҚ-тан біліп отыр, өйткені оларға ешқандай ақпар айтылмайды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасай отырып.
"Бізді куәлік ету үшін шақырды, алайда әлі де не себепті жауыздықпен өлтірілгенін білмейміз. Аяжанның ата-анасынан ДНҚ тесті үшін сараптама алды. Бізге нәтижелер бір айдан кейін белгілі болады деп айтылды, бірақ жылдамдатуға уәде берді. Пәтерде бір немесе екі дене болғандығы сараптаманың нәтижелері бойынша белгілі болады", – деді ағасы.
"ДНҚ тестінен басқа көптеген басқа зерттеулер жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша өлтірудің жалпы көрінісі, мүмкін, не түрткі болғаны да белгілі болар", - деді Мүліков.
"Оның туыстары бізбен байланысқа шықпады, біз бұған да қуаныштымыз. Сараптамадан кейін біз мәйітті алып, жерлеуді жоспарлап отырмыз. Барлық туыстарымыз осыны күтіп жүр", – деп атап өтті ол.
"Біз өмір бойы бас бостандығынан айыруды қалаймыз, ал оған қандай жаза қолданылатыны белгісіз. Бұл сараптама мен қорытындыдан кейін анық белгілі болады. Өлтірудің себебін білгеннен соң, қандай жаза қолданылатыны белгілі болады. Егер қандай да бір абсурдтық мерзім жарияланса, мысалы, 10-15 жылға бас бостандығынан айыру болса, онда біз оны көбейтуді талап етеміз. Егер зорлау фактісі анықталса, ондай жағдайда оны мерзіміне қосу керек", – деді Мүліков.
Дегенмен әлі күнге дейін күдіктінің сыбайластары болған-болмағаны белгісіз. Айта кетейік, кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.