ҚР АҚДМ ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында қосымша талқылау үшін жобалар орналастырылғаны туралы хабарлайды
Главные вкладки
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобаларының және «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасының ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында қосымша талқылау үшін орналастырылғаны туралы хабардар етеді.
Аталған актілер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған қоғамдық бақылауды күшейту саласындағы міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
Осы заң жобасында қолданыстағы қоғамдық бақылау нысандарына анықтамалар беріліп, жаңа нысандар енгізілді. Қоғамдық бақылау осы Заңда көзделген нысандарда да, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін деп көзделеді. Бұл ретте қоғамдық бақылау субъектілеріне оны жүзеге асыру кезінде осы заң жобасында көзделгеннен басқа өзге де құқықтар берілуі және өзге де міндеттерді атқаруы мүмкін.
Осыған байланысты Министрлік аталмыш жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жобалар