Nur Otan бір күнде 18 млн теңге жұтып жатыр

Главные вкладки

Feb 17, 2021 / 0 комментарии

Nur Otan бір күнде 18 млн теңге жұтып жатыр.Енді parasites.kz сайты (паразиттер) арқылы әрбір партияға секунд сайын мемлекеттен қанша қаражат бөлініп жатқанын көруге болады, дейді Санжар Боқаев.

Бар-жоғы 1,5 айдың ішінде партияларға 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Оның ішінде, Нұр Отанға бюджеттен бір күнде 18 миллион теңгеге жуық ақша аударылады. Түсінікті болу үшін айта кетейін, бұл - күн сайын бір бөлмелі пәтер сатып алумен тең. Сіз бен біз төлейтін салықтардан Ақ жол ай сайын 84 миллион немесе күн сайын 2,8 миллион теңге алып отырады. Ал ең бастысы, нәтиже қайда? Міне, сондықтан мен партиялардан айқындық пен тиімділікті талап етуге құқылымын! Біздің әрбіріміз оларға талапшыл болуымыз керек, дейді ол.