Кувейтте ауа температурасы рекордтық көрсеткішке дейін жетіп, елдегі бағдаршамдар балқып кетті деп хабарлайды Хабар 24.
Шілде айында Кувейттегі сынап бағанасы көлеңкеде 53,3 градусқа жетсе, ал күннің көзінде 70 градусқа дейін көтерілген. Салдарынан елдің көшелеріндегі бағдаршам балқып түсіп, жеңіл көліктердің пластик бөліктері еріп кеткен.