Сауд Арабиясы қолдан жаудырған жауын су тасқынына ұласты
Главные вкладки
Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында жасанды жолмен жаудырған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты деп хабарлайды "Хабар 24".
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, нөсер мен күшті жел өткен аптаның ортасынан бастап толастамай тұр.
Мамандар қолайсыз ауа райы ғалымдар электр зарядтары арқылы жаңбыр жаудыру үшін аспанға дрондар жібергеннен кейін орын алып отыр деген болжам жасауда.
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде әдетте жазда мүлде жауын жаумайды, тек қыс пен көктемде жаңбыр аздап жауады.
Еске сала кетсек, бұған дейін қатты дауыл салдарынан Германияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі кейбір аудандарда су тасқыны болған еді. Ең көп зардап шеккен аймақ - Арвайлер округі.
Ал Батыс Еуропада алапат су тасқыны салдарынан кем дегенде 189 адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Он мыңнан астам адам үйлеріне орала алмай, кейбірі жарықсыз және ауыз сусыз қалған.
Бұрын-соңды болмаған жауын-шашын салдарынан аққан Батыс Германияның бір бөлігін басып, содан кейін көрші Бельгия мен Нидерланд еліне көшкен. Маас өзенінде сенбі күні су деңгейінің рекордтық көрсеткіштерге (100 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет болып отыр) дейін көтерілуі Нидерланд елінің оңтүстігіндегі бірқатар аймақтың эвакуциялануына себеп болған. Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бұл апатты "ғасырдағы ең ауыр табиғи апат" деп атап отыр.