2017 жылдың 5 қыркүйегінен бастап еліміз үшін айтулы мерекелердің бірі - Қазақстан халқы Тілдері күні аталып келеді. Бұл күн ұлт ұстазы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бекітілген жоспарға сәйкес, облыс көлемінде аудан, қала әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілдер фестивалі – 2021» деген ортақ атпен түрлі шаралар ұйымдастыруда.