Ават ауылының тұрғындары қоқыс полигонын жабуды талап етуде

Primary tabs

Mar 04, 2022 / 0 comments

Алматы облысының тұрғындары қоқыс алаңында ереуілге шығуда деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Алматы облысындағы Ават ауылының тұрғындары жергілікті қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жабуды талап етіп, қоқыс тасымалдайтын көліктердің жолын жауып тастады.

 

Ават, Ақтас, Жаңашар, Бәйтерек және Алексеевка ауыл тұрғындарының айтуынша, жыл сайын жазда полигондағы қоқыс жанып, оның өткір иісі ауданға тарайды. Өрт уақытылы сөндіріледі, бірақ жанған қоқыстың сасық иісі ұзақ уақытқа дейін кетпей халықты мазалайды. Бесінші жыл ауыл тұрғындары билікке, қоғам қайраткерлеріне, белсенділерге жүгіну арқылы бұл мәселені шешуге тырысуда. Ауыл тұрғындары қоқысты ережеге сай қайта өңдемес үшін әдейі жағып жатыр деп күдіктенеді.