Алматыда бетперде тақпағандарға айыппұл салынып жатыр

Primary tabs

Aug 13, 2021 / 0 comments

Алматыда автобустарда бетперде тақпағаны үшін 30-ға жуық адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz. Алматыда ағымдағы жылдың 12 тамызында мониторинг топтары қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырды. Бір тәулік ішінде 91 автобус тексерілді. Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамаған 27 жеке тұлғаға ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстануға шақырады. Барлық қала тұрғындарына нұсқаулар берілді: маска режимін сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн.