Алматыда бір адамға құмшекер 5 келіден ғана беріліп жатыр

Primary tabs

Aug 13, 2021 / 0 comments

Алматыда қант бір адамға 5 келіден артық сатыламайды. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант сатудың белгіленген шектеуіне қатысты жағдайды түсіндірді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім Magnum, Small және Toimart сияқты сауда желілерімен жасалды. Жоғарыда аталған дүкендер желісінде бір адамға бес келі қант қана сатылады. Мұндай шара алып-сатарлардың алдын алу үшін қабылданды. Базар және өзге де сауда нүктелерімен салыстырғанда мұнда қант бағасы 10-15% төмен, — деп хабарлады әкімдіктен. Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылықпен байланысты емес екенін атап өтті.