Алматыда жаңа 3050 камера пайда болады

Primary tabs

Mar 04, 2022 / 0 comments

Алматыда адам көп жиналатын жерлерде 3050 камера пайда болады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

Қала әкімі Ерболат Досаев 2022 жылы алматылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 4,2 млрд теңге бөлінетінін айтты.

 

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары 2022 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау жобасын қолдады.

 

Бұл туралы мәслихаттың бюджетті нақтылау сессиясында белгілі болды. Камераларды қосу үшін Алматы қаласының бюджетінен 752 миллион теңге бөлінді.