Алматы облысына Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде

Primary tabs

Nov 05, 2021 / 0 comments

Алматы облысына Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде, ол үшін екпенің 70000 дозасын сақтайтын өте төмен температуралы екі тоңазытқыш сатып алынды, - деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров.

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен бала емізіп жүрген аналар салдыра алады.

КВИ-мен күресуге жергілікті бюджеттен 13, 8 млрд теңге бөлінді. Бұл соманың ішінде індеттің екінші толқынына дайындыққа бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға қажетті 8,8 млрд теңге, сондай-ақ 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешендерді сатып алуға қажетті қаражат есептеліп, енгізілген.