Алматы қарасайлықтар үшін жабық

Primary tabs

Mar 18, 2020 / 0 comments

Енді қарасайлықтар Алматыға емін-еркін кіріп-шыға алмайды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Қарасай ауданы әкімдігінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жариялануына байланысты, 2020 жылдың 19 наурызы, сағат 00:00-ден бастап Алматы қаласына кіріп-шығу шектеледі. Осыған орай оңтүстік астанаға қозғалыс пен одан шығу тоқтатылады, сонымен қатар, Алматы мен Қарасай ауданының арасын жалғайтын жолдарға блок-посттар орнатылады. Аудан аумағында олардың саны сегіз. Блок-посттардың орналасу сызбасы көрсетілген. «Алтын Орда» ӘСК кіру тек ұсақ-көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлерге ғана ашық. Олардың жеке куәлігі және осы қызмет түрімен айналысу құқығын растайтын құжаттары болуы тиіс. Мұндай кәсіпкерлерге сары түсті рұқсат қағазы беріледі. Ал, тауарларды көтерме сатумен айналысатын базарлар үшін жасыл дәліз ашылатын болады. Тағы да естеріңізге саламыз, қалған азаматтарға Алматы қаласына кіріп-шығу тоқтатылады. Алдымен бұл Алматы қаласында жұмыс істейтін қарасайлықтарға және біздің ауданға келіп қызмет етеін алматылықтарға қатысты!" - делінген хабарламада.