Астық пен қант Ресей кеденінен өтпей қалды

Primary tabs

Mar 25, 2022 / 0 comments

Ресейлік кеденшілер астық пен қанттың ірі партиясын Қазақстанға өткізбеді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Самара кеденшілері Қазақстанға 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна түйіршіктелген қанттың экспортына жол бермеді, деп хабарлады Ресейдің Федералдық кеден қызметі.

 

«Экспортқа тыйым салынған жүкті – сегіз вагон астық және бір вагон қантты – Орынбор облысындағы Илецк-1 вокзалында кеденшілер анықтады. Астық пен қант тауар жіберушіге қайтарылады.

 

Ресей Федерациясы үкіметінің қаулыларына сәйкес, 2022 жылдың 15 наурызынан бастап Ресейден дәнді дақылдар мен қантты экспорттауға тыйым салынады. Астық экспортына тыйым 30 маусымға дейін, қантқа 31 тамызға дейін жалғасады.