Атырауда мектепке бомба қойылды

Primary tabs

Oct 12, 2022 / 0 comments

Атырау қаласының №2 мектебінде бомба қойылғаны белгілі болды. Оқу орнынан 70 мұғалім, 800 оқушы эвакуацияланды. деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп директоры бүгін, 12 қазанда білім ордасында жарылыс болатыны туралы ақпарат алған. Ол бұл туралы полицияға хабар берген.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасалатыны туралы ақпарат алғанын хабарлаған. Соған сәйкес полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, аталған мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазір мектеп ғимаратын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.