Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?⠀

Primary tabs

Oct 11, 2021 / 0 comments

ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.⠀

Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметіне өтінішті eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы рәсімдей аласыз.⠀

Қажетті құжаттар тізімі:⠀

• белгіленген үлгідегі өтініш;⠀

• жеке басын куәландыратын құжат;⠀

• 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀

Мелекеттік баж көлемі:⠀

• аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК ⠀

• аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК⠀

Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀

Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. ⠀

Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.⠀