Ақтөбедегі ауруханада бос орын жоқ

Primary tabs

Jun 20, 2020 / 0 comments

 Ақтөбеде вирусқа қатысты жағдай күрделене түсті. Дәрігерлердің көмегіне жүгінушілердің көптігі соншалық, кейбір емдеу мекемелері науқастарды қабылдаудан бас тартқан. Мысалы, қаладағы теміржол ауруханасында дертке шалдыққандарды жатқызатын орын жоқ. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болды. Пациентті алып келген жедел жәрдем тобына аурухана қызметкері оны басқа емханаға апаруын талап етіп шу шығарған.

  Бұл жайтқа қатысты әзірге жауапты орган өкілдері түсініктеме берген жоқ. Дегенмен вирусты пневмонияға шалдыққандарды соңғы уақытта осы мекемеде қабылдай бастаған еді. Өңірдегі ахуал туралы жуырда БАҚ өкілдеріне сұхбат берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова тек екі күн ішінде бұл ауруханаға 200-ге жуық науқас түскенін айтты. Бұдан өзге Ақтөбе медициналық орталығы мен Қарғалы емханасында да пульмонология бөлімшелері ашылған. Бүгінде 300-ден астам адам осы дерт түрі бойынша ем қабылдап жатыр. Өкпесі қабынып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандары да бар.

Дереккөз:https://24.kz/ru/