Ақтөбе облысы нансыз қалуы мүмкін

Primary tabs

Mar 29, 2022 / 0 comments

Ақтөбе облысы нансыз қалуы мүмкін деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Орск-Оңтүстік Орал темір жол станциясында бидай тиелген 35 вагон тұр, бұл 2 мың тоннаға жуық астық.

 

Екі аптадан бері Ақтөбе облысындағы ең ірі үш наубайхананың бірі «Рамазан» ЖШС Ресейдің Орынбор облысынан бидай ала алмай отыр. Серіктестіктің мәліметінше, Орск-Оңтүстік Орал темір жол станциясында 35 вагон бидай тұр, бұл 2 мың тоннаға жуық астық.

 

Бұл ретте Орынборлық жеткізуші мен қазақстандық наубайхана арасындағы келісімшарт ұзақ мерзімді.

 

Мәселені шешу мемлекетаралық деңгейде. Бұл мәселені екі елдің үкіметтері реттеу керек.