Батыс Қазақстанда жүк көлігінен жүргізушінің мәйіті табылды

Primary tabs

Jan 24, 2021 / 0 comments

Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда жүк көлігінен жүргізушінің денесі табылды деп хабарлайды Kaskelenkz. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода оқиға куәгері болған жайт туралы әңгімелеген.
"Көлік қозғалтқышы жұмыс істеп тұр, тоңазытқыш қосулы. Маштаковода, Қазақстан жағында тұр. Қазір полиция шақырылды", - дейді видео авторы. Жүргізушінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады."Оқиға кеше 22 қаңтарда болды. 1964 жылы туған жүргізушінің мәйіті табылды, ол Алматы облысының тумасы", - деп хабарлады полиция.Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп толықтырды баспасөз қызметі.Ер адамның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз. Еске сала кетсек, Петропавлда ауыр неврологиялық ауытқудан зардап шеккен ер адам үйінен шығып кетіп, қатып қалғанын жазған едік. Оның денесі жоғалғаннан бір күн өткен соң табылған.