Беларусь - Украина шекарасында Украина мен Ресей делегациясы келіссөз жүргізді

Primary tabs

Mar 03, 2022 / 0 comments

Украина делегациясы Ресеймен келіссөз жүргізуге шекараға келді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

28 ақпанда Украина делегациясы Ресей делегациясымен келіссөз жүргізу үшін Беларусь - Украина шекарасына екі тікұшақпен келді. Бұл туралы Украинская Правда сайты хабарлады.

 

Екі ел делегациясы арасындағы басты келiсiм тақырыбы тез арада атысты тоқтату және Украина аумағынан Ресей әскерін шығару болады.

 

Украина делегациясының құрамы: “Слуга народа” фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников, президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин, депутат Рүстем Умеров пен Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий.

 

Ресей делегациясының құрамы: Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөнiндегi комитетінің басшысы Леонид Слуцкий және Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов.