Белгілі режиссер Болат Атабаев қайтыс болды

Primary tabs

Jul 29, 2021 / 0 comments

70 жасына қараған шағында белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев қайтыс болды. Бұл туралы Facebook-те құқық қорғаушы Бақыт Төреғожина мәлімдеді деп жазады Kaskelen.kz тілшісі.

Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады. Болат Атабаев 28 шілде күні ауруханада көз жұмған. Болат Манашұлы Атабаев 1952 жылы Талдықорған облысындағы Тентек ауылында туған. Неміс драма театрының және Әуезов атындағы қазақ драма театрының бас режиссері қызметін атқарды. "Ақсарай" театрының жетекшісі болды.

Ол өзінің алғашқы режиссерлік өнер жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакль қоюмен бастады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, Б.Римованың «Қос мұнлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Р.Мұқанованың «Қаралы сұлу», т.б. спектакльдерді қойды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.