Веналықтар міндетті вакцинацияға қарсы шығуда

Primary tabs

Feb 13, 2022 / 0 comments

Австрия астанасы Венада міндетті екпеге қарсы жаппай наразылықтар өтіп жатыр деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Мыңдаған адам Вена көшелеріне шығып, міндетті вакцинацияға қарсы шықты. Ақпанның 5-інде қабылданған жаңа заңға қарсылар түрлі ұрандар айтып жатыр. Жиналғандардың кейбірі қолдарына «Міндетті вакцинацияға қарсымыз!», Менің денем – менің шешімім!» деген баннерлер алып шықты. Наразылық білдірушілер Вена көшелерінің көп бөлігін жауып тастаған.

 

Міндетті вакцинация туралы заң Австрияда 5 ақпанда қабылданды. Билік 15 ақпаннан бастап егілмеген, медициналық көрсеткіші жоқ ел тұрғындарын екпе алуға шақырды. Бір ай ішінде екпе алмағандарға 3600 еуро айыппұл салынатынын ескертілді.