Гондурас президентінен COVID-19 анықталды

Primary tabs

Jun 17, 2020 / 0 comments

Гондурас президенті Хуан Орландо Эрнандес HCH телеарнасының эфирінде әйелі мен өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

 "Президент әрі жауапкершілігі бар азамат ретінде демалыс күндері әлсіз сезінгенімді, ал бүгін маған COVID-19 диагнозы қойылғанын айтқым келеді", - деді Эрнандес.

 Осыған байланысты президент өз міндетін қашықтан атқарып, оқшауланатынын айтты.Эрнандестің айтуынша, оның әйелінің коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен.