Джеки Чан кітабының мұқабасына Димаш Құдайберген есімі шықты

Primary tabs

Oct 11, 2022 / 0 comments

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген актер Джеки Чанды жаңа шыққан кітабымен құттықтады. Атақты актердің кітап мұқабасына Димаш Құдайбергеннің есімі шыққан болатын, әнші өзінің ризашылығын білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі kaz.nur.kz порталына сілете жасап.

Димаш Instagram парақшасында Джеки Чанға жазба арнады.

"Сүйікті актерімді жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүние жүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің "Авангард" фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек. Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл үлкен мәртебе", - деп жазды Димаш Құдайберген.