Дэвид Бекхэм Instagram желісіндегі аккаунтын Украиналық дәрігерге тапсырды

Primary tabs

Mar 24, 2022 / 0 comments

Дэвид Бекхэм Instagram желісіндегі аккаунтын Украиналық дәрігерге тапсырды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Танымал футболшы парақшасын харьковтық дәрігер Ирина Кондратоваға беріп жатқанын айтты. Енді Бекхэмнің хикаяларында Кондратова жұмыс істейтін Харьковтағы перинаталдық орталықтың кадрлары болады.

 

Ирина соғыс жағдайында және оның әріптестері балалы аналарға қалай көмектесетінін айтады.

 

Бекхэмнің парақшасында 71,4 миллион жазылушы бар.