Дұрыс шешім, дұрыс қадам

Primary tabs

Dec 07, 2021 / 0 comments

Адамның бір шешімі болашаққа деген үлкен әсерін тигізеді . Сондықтан да халық айтпақшы өмірде екі нәрседен қателеспеу керек, оның бірі мамандық таңдаудан деп жатады. Әрине , себебі сенің бүгінгі таңдаған шешімің болашаққа деген алғашқы қадам болып табылады емес пе? Сенің жемісің , жеңісің , ертеңгі тауып жейтін наның сондықтан да үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Қазіргі кезде көп жастар үшін бұл проблемаға айналған мәселе. Мен кім болам? Қайда барам ? Кейбірі оқу бітіргеннен кейін ол салаға барғысы келмей , жұмыс істегісі келмей жатады оның себебі қызығушылық жоқтығынан. Жиі кездесетін жағдайдың бірі өзі қаламаған оқу яғни ата-анаңның қалауымен жүру. Әр отбасында бір дәрегер немесе мұғалім , юрист болу керек деп жиі естіп жатамыз. Бұл ой толықтай қате . Біреудің қалауымен жүру , өз ойыңді білдірмеу үлкен қате . Сондықтан да әрбір бала өз болашағының алғашқы қадамын өзі шешуі керек, жүрек қалауымен жолды өзі таңдағаны жөн. Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзінде мамандық туралы айтылған . Абайдың даналық жолға қалай келгені, ел бақса да өз жүрегінің қаламағаны туралы айтылған. Сондықтан да қай салаға жақын болсаң соған баруың керек. Егер өзің жақсы көріп істесең оны ешқашан жұмыс деп санамайсың . Ұнатып істеген ісіңнің өзі жемісін әр кез береді. Сондықтан да әр бала өзі жеке тұлға ретінде мамандықты қателеспей толықтай ойланып өзі таңдағаны жөн!