Ерке Есмханның әкесі пневмониядан көз жұмды

Primary tabs

Jun 22, 2020 / 0 comments

Әнші Ерке Есмаханның әкесі қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабармен әнші Нұрболат Абдуллин өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол желіде әріптесі мен жерлестері Ерке Есмаханға әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтатынын жазған.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам пневмониямен ауруханаға түскен. Ақтөбедегі ауруханалардың біріне жеткізілген ер адам келесі күні жан сақтау бөлімінде қайтыс болған.

Әншінің өзі әлеуметтік желілерде бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген және осы тақырыпқа қатысты жазба жарияламаған.