Ескелді ауданының жұртшылығы Маңғыстау облысына 82 тонна шөп жіберді

Primary tabs

Aug 11, 2021 / 0 comments

Қуаңшылыққа тап болған Маңғыстау халқына Ескелді ауданынан 5 вагон шөп жіберілді. Өңіріміздің жомарт азаматтарының қолдауымен мал азығы сатып алынып, Батыс Қазақстанға салтанатты түрде жөнелтілді. Қол қусырып отырмай, қиналған жұртқа көмек жинап жүрген азаматтар ауданның түкпір-түкпірінен жиналған. Асарға Қайнарлы ауылдық округінің азаматтары түркі болған.

- Елім деп, жерім деп, осындай азаматтар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, батыстаға ағайынға көмек көрсетуді жөн көрдік. Қазақ елінің бірілігін, татулығын, жерлестерін ешқандай қиын жағдайда қалдырып кетпейтітін, осындайда көрсетпесек, қашан көрсетеміз? – дейді аудан ақсақалдары.

Жалпы айтқанда, Маңғыстау облысына 4500 астам тюк шөп жөнелтіліп отыр. Мал азығын жинауға 40 тан аса адам келіп атсалысқан. Оның ішінде ауыл тұрғындарынан бөлек, халық қалаулылары да бар. Атап өтсек,Ескелді ауданының маслихат депуттары Бақыт Досанов пен Серік Чукенов игі іске өз үлестерін қосқан. 

- Қазақта жақсы сөз бар: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Ауызбіршілік, ынтымақ болса мұндай нəрсенің талайынан жасауға әрқашанда дайынбыз. Ер еңбекте, елдік қиындықта сыналады. Соны ұмытпайық, ағайын – дейді халық қалаулысы Бақыт Досанов. 

Ескелді ауданының белсенділері шығынға ұшыраған Маңғыстау облысының шаруаларына көмек мұнымен тоқтап қалмайтындығын жеткізіп, әрі қарайда қол ұшын созуға дайын екендігін жеткізді.