Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

Primary tabs

Jun 23, 2020 / 0 comments

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі жекпе-жегін асыға күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұмағұловтың әлемнің ең мықты промоушенімен келісімшартқа отырғаны туралы ақпанда белгілі болған еді.

Cпорт порталының мәліметінше, Жалғастың UFC-дегі бірінші жекпе-жегі 11 шілде Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өтеді. Қазақстандық файтердің қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.

"Осы жекпе-жекке өте асықпын", - деп жазыпты Жұмағұлов Instagram желісінде жекпе-жектің афишасын жариялап.