Жұмыстан шығып қалсаңыз

Primary tabs

Nov 23, 2021 / 0 comments

Егер сіз жұмыстан шығып қалсаңыз, көп уайымдамаңыз. «Әрекет түбі - берекет» деген халық даналығын еске түсіріп, алдағы бағыттарыңызды бағамдам алыңыз.

 

Жаңа жұмыс іздеуді бастамас бұрын сіз жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз.

 

Оны онлайн жасауға болады:

1. Egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;

2. «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдап, онлайн сұрным жіберіңіз;

3. өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

 

Қызмет нәтижесін 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.

 

Маңызды! «Қандас» мәртебесі бар адамдар онлайн өтініш бере алмайды.