Көлік қымбаттауы болжанып отыр

Primary tabs

Oct 19, 2022 / 0 comments

Сарапшылар Қазақстанда көліктер қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме беріп. 

Сарапшылардың айтуынша, бұған АҚШ-тан Қытайға микрочиптерді экспорттауға қойылған шектеулер себеп болуы мүмкін.

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әлемдегі ең ірі автоөндірушілер үшін жартылай өткізгіштерді жеткізудегі негізгі мемлекеттер. Сарапшылар болжауынша, енгізілген шектеулер жағдайды ушықтыруы мүмкін.

Соңғы екі жылда әлемде чип өндірісінің тапшылығы шамамен 10 пайызды құрапты. Ал мұндай көрсеткіштермен көлік бағасы шамамен 15-25 пайызға қымбаттайды.

Дегенмен, сарапшылар автокөлік бағасының өсуі ұзаққа бармайды, шектеулер аясында бағаның күрт өсуі спекуляциялық мақсатта болады деп сендіреді.

"Бағаның өсуі жалғасады. Әзірше бағаның өсуі болады деп қайталай бере аламын. Осыны пайдаланып спекуляциялық әрекеттер болады, қысқа мерзімді өсім болады, бірақ бұл тыйым салумен тікелей байланысты емес. Бағаның өсуі бұрыннан бері келе жатыр. Ұзақ уақыт бойы біз одан арыла алмаймыз. Ол кем дегенде алты ай жалғасады. Барлығы қымбаттайды", – деді автосарапшы Павел Федотов.