Көп балалы аналар мен жастарға қайтарымсыз грант беріледі

Primary tabs

Oct 03, 2019 / 0 comments

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға кәсіп ашу үшін гранттар берілуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бүгінде мемлекеттің грант түріндегі қолдауы көптеген отбасылардың аяққа нық тұруына, өмірде өз орнын табуға және өзінің материалдық жағдайын айтарлықтай жақсартуға көмектесетіні күмән тудырмайды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының берген мәліметіне сүйенсек, Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында алты қарасайлық 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған. Қазір олар өз шаруашылықтарын ашып, жүргізуге дайындық үстінде. Бұл гранттар көпбалалы аналарға, жастарға, мүгедектерге және мүгедек бала асырап отырған отбасыларына беріледі. Ол үшін қаржыны алуға үміткер аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, "Еңбек" бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша 3 үш айлық курстан өтуі керек. Сосын құжаттарын жинап, бизнес-жоспарын жазыпөткізіп, оны онлайн режимде қорғайды.
Бизнес-жоспар барлық талаптарға сай болып, комиссия алдында мақсатын қорғай алған адам 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты иеленеді. Тек, ақшаны алған соң, кәсіпкердің оны тиімді жұмсап, ісін жүргізуі бір жыл көлемінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бақылауында болатынын білген жөн.
Бүгінгі таңда осы бағытта құжаттар жинау жұмысы әлі де жүріп жатыр. 
Ал, дәл осы бағдарламасы аясында 49 орта жастағы қарасайлық 100 АЕК көлеміндегі грантқа ие болған.