Мәнерлеп сырғанау тарихында жаңа әлемдік рекорд орнатылды

Primary tabs

Feb 10, 2022 / 0 comments

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Натан Чен Бейжің Олимпиадасында әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Натан Чен қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 113,97 ұпай жинады. Американдық мәнерлеп сырғанаушы өз бағдарламасында келесі элементтерді қатесіз орындады. Олар: төрт еселік флип, үш еселік аксель және төрт лутц каскады

 

Екінші орынды жапондық Юги Кагияма иеленсе, үздік үштікті Уно Шома түйіндеді.

 

Еске сала кететін жайт, бұған дейінгі әлемдік рекордты 2020 жылы төрт құрлық турнирінде жапондық Юдзуру Ханью орнатқан болатын.