Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сонның допинг алғаны анықталды

Primary tabs

Mar 29, 2022 / 0 comments

2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сонның допинг сынамасы оң нәтиже берді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Тест 2022 жылдың 9 ақпаны мен 2 наурызы аралығында жарыстан тыс допингті бақылау аясында анықталды.

 

«Допингке мүлдем қолданбау саясатын ұстана отырып ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді көздеп отыр», - делінген Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының сайтында.

 

Соннан басқа тағы бес спортшыда допинг анықталды.