Олимпиядада Абай Құнанбайұлының өлеңімен өнер көрсеткен латвиялық спортшының Денис Тенмен қандай байланысы бар?

Primary tabs

Feb 09, 2022 / 0 comments

Латвиялық спортшы Абай Құнанбайұлының өлеңімен қысқы бағдарламада өнер көрсетті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 8 ақпан күні латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев Бейжің Олимпиадасында Абай Құнанбайұлының “Айттым сәлем, Қаламқас” өлеңімен қысқы бағдарламада мәнерлеп сырғанады. 

 

Васильев олимпиададағы ерекше өнерінің арқасында 85,30 ұпай жинап, ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау бойынша жетінші орынға жайғасты. Бұл спортшы карьерасындағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Бұл Олимпиада спортшының карьерасындағы екінші Олимпияда. Васильев Пхенчхан 2018 Олимпиядасында жалпы есеп бойынша 19 орынға жайғасқан болатын. Спортшыны әлемнің екі дүркін чемпионы Стефан Ламбиэль жаттықтырған. 

 

Тағы айта кететін жайт кейбір деректер бойынша Стефан Ламбиэль марқұм Денис Теннің жақын досы екен. Спортшы Абай Құнанбайұлының “Айттым сәлем, Қаламқас” өлеңі арқылы Денис Тенге деген құрметін көрсеткісі келген секілді.