Орал қаласында 13 мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Primary tabs

Mar 19, 2022 / 0 comments

Апат салдарынан 13 мыңнан астам қазақстандық жарықсыз қалды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Бұл Орал қаласының іргесіндегі Дерқұл ауылында болды.

 

«13 699 абонент жарықсыз қалды. Бұл жерге бригада шығып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық энергетикалық комиссиясы.

 

Қуат көзі қашан қалпына келетіні белгісіз.