ПОЛИЦЕЙЛЕР АДАМ ӨЛТІРУГЕ ОҚТАЛҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Primary tabs

Dec 15, 2021 / 0 comments

Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні сағат 21:45 шамасында Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қаскелең қаласы ОАА-дан "кеуде қуысының артқы жағының жарақаты" диагнозымен Шамалған станциясының 35 жастағы тұрғынының жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.Аталған дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі; 99-бабының 1-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті, "Көкжиек"бау-бақша қоғамының саяжайларында тұратын Іле ауданының 37 жастағы тұрғынын анықтады.Тәртіп сақшылары оның орналасқан жерін анықтап, оны 7 - желтоқсан күні Алтын Орда базарынан ұстады. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес УҰО-ға қамаққа алынды.Ұсынылған дәлелдермен әшкереленген азамат қылмыс жасағанын толығымен мойындады.Оның айтуынша, ол 6 бөтелке сыра ішкеннен кейін дүкенге келген және оған дүкендегі сатушыға тиіскен сатып алушының мінез-құлқы ұнамаған. Осы орайда туған қақтығыс барысында ол қызметтік бөлмеден пышақты алып, жәбірленушінің артқы жағына бірнеше рет соққы жасаған және оқиға орнынан ізін суытқан. Ал қылмыс құралы-пышақты лақтырып жіберген және дәл қай жерге лайқтырғанын айта алмады.