Путин Таяу Шығыстан Украинаға еріктілер жіберуге келісті

Primary tabs

Mar 12, 2022 / 0 comments

Путин Таяу Шығыстан Украинаға еріктілер жіберуге келісті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу үшін еріктілерді тартуды ұсынды. 16 000-нан астам еріктілер Таяу Шығыстан келетін болады.

 

Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың әскери арнайы операцияға шетелдік еріктілерді тарту туралы ұсынысымен келісті.