Рамзан Қадыров 23 шешен әскерінен айырылды

Primary tabs

Oct 28, 2022 / 0 comments

Қадыров өз телеграм арнасында соғысқа аттанған 23 шешен әскерінен айрылып қалғанын жеткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz. 

Рамзан Қадыров өз телеграм арнасында соғысқа аттанған 23 шешен әскерінен айрылып қалғанын жеткізді. Сонымен қатар, жасақтағы 58 адам ауыр жарақат алды.

Қадыровтың айтуынша, шешендердің  арнайы жасағы аптаның басынан бері артоатқылаудан зардап шеккен. Қазір құтқару операциялары аяқталды. Жан тәсілім еткендердің тізімі жасалып, ақпарат арналарында жарияланды.

Сонымен қатар, Шешен Республикасының басшысы әскерде опат болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көмек көрсетілетінін жеткізді.

"Қайтыс болғандарды жерлеуге 1 миллион рубл береміз. Олардың отбасына үкімет тарапынан 12 миллион рубл беріледі. Жарақат алғандарға 3 миллион рублден тиеді. Сонымен қатар, қайғыдан қара жамылған отбасыларды қасиетті Меккеге жібереміз", - деді Қадыров.

Еске сала кетейік, Қадыров қазан айының басында Украинаның оңбай қателесіп, Ресеймен татуласу мүмкіндігін уысынан шығарып алғанын айтқан еді. Оған Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина Президенті Владимира Зеленский мен оның әріптестерін кінәлады.